3 мыңға жуық жамбылдық отбасы тұрғын үймен қамтылады, — Ербол Қарашөкеев

67

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеев Астана қаласындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында өңірдегі тұрғын үй саласын дамыту, халықты ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Ағымдағы жыл соңына дейін 2732 отбасын баспанамен қамту жоспарлануда. Оның ішінде бөлінген 7,6 млрд. теңгеге халықтың әлеуметтік осал санаты үшін 797 пәтер сатып алынады. Жыл басынан бері көппәтерлі 21 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 1053 отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа тұрғын үй алқаптарындағы 869 учаскеге инженерлік инфрақұрылым тартылуда.

Елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды ұлғайту мақсатында су құбыры желілерін жүргізу және жаңарту бойынша 54 жоба жүзеге асуда, оның 47-сі осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауыз сумен қамтылған халықтың үлесі ауылда 94,8%-дан 96,5%-ға дейін және қалаларда 93,6%-дан 97,5%-ға дейін жетеді деп көзделуде.

Бүгінде 11,8 млрд. теңгеге 36 елді мекенде 16 жобаны іске асуда десек, ағымдағы жыл соңына дейін 9 мың адам тұратын 11 елді мекен көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2023 жылға жалпы 809,5 шақырымды құрайтын жолдарды жөндеу жоспарланса, бүгінде оның 787 км (97,2%)   шақырымында жұмыстар аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.