Үздік сәулетшілер анықталды

152

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жастардың құрылыс және сәулет саласына қызығушылығын арттыру және олардың креативті ойларын іске асыру арқылы қаламызды көркейтуге үлес қосу мақсатында «SAULET TARAZ» атты онлайн республикалық жастар байқауын жариялаған болатын.

Байқауға этно-мәдени, тарихи, экобағыт, ландшафтылық бағыттағы жобалар қабылданды.

Жастар «Көрпеше» атты саябақ, теміржол бекеті, балабақша, көрме орталығы, жоғары комфортты және ыңғайлы жеке тұрғын үй, көпқабатты тұрғын үй, саяжайдағы үй, университет кампусын абаттандыру сынды жобаларын ұсынды.

Қазылар алқасы жобаның сыртқы келбеті, эстетикалық мәнерлігі, көлемдік және түстік шешімі,ландшафттық дизайны,заманауи элементтері, құрылыс материалы, қоршаған ортаға зиянсыздығы сынды өлшемдерге қарап бағалады.

Жалпы 16 жас үміткердің жұмысы сараланып, І орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері А.Сәтбай, А.Тулебаева, ІІ орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Д.Ахметова және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Б.Ашимова, ІІІ орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері Д.Есимов пен Э.Орынтаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері А.Каппасов пен С.Жадан иеленді.

Байқау арқылы Қазақстан архитектурасының келешегі жастар облыс орталығын рухани-мәдени дамытуға үлестерін қосты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.