Үздік оқушылар Астанаға жолдама алды

584

Жамбылдық  50  оқушы жаңа оқу жылы қарсаңында Астана қаласына саяхаттап қайтты. Жолдама алған жеткіншектер көп балалы  отбасыдан шыққан үздік оқушылар.  Олар  үш күн бойы арнайы әзірленген бағдарлама бойынша  Елорданың көрікті жерлерін аралады. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Геотитр: Астана

Қатарластарынан   оқ бойы озып шыққан жас өрендердің көбісі  Астанаға алғаш келіп тұр.  Экскурсияның алғашқы күні  «Бәйтерек» , орталық алаң,  ҚР тұңғыш президенті мұражайы, «Хан Шатыр» ойын сауық орталығы сияқты Елорданың айтулы нысандарды аралап, тарихымен танысты.  Оқушыларға осындай қуаныш сыйлап, Елорда да демалып қайтуға демеушілік жасаған Жамбыл облысының  туризм басқармасы.

Серік Ислам /оқушы/

Нұртай Әліпбай /оқушы/

Уаисова Нұрай /оқушы/

Саяхаттың екінші күні Жамбылдық оқушылар «Экспо 2017» кешенін аралап, білім көкжиектерін кеңейтті.  Кешкілік теплоходқа мініп, Есіл өзенінің бойымен қыдырды.

Уаисов Нұрай /оқушы/

Жалпы бұл іс-шара  «Балалар туризмі» жобасының бір бөлігі болып табылатын «Астана-Отанымның жүрегі» атты мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асып отыр.

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.