Үндістандағы жарылыс: 6 адам қаза тапты, үшеуі ауыр халде

504

Үндістанның солтүстігіндегі Биджнор қаласында орналасқан химиялық зауытта жарылыс болып, үш адам ауыр жарақат алды, алты адам қаза тапты.

Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккен азаматтар аса ауыр халде ауруханада жатыр.

Полицейлердің мағлұматтарына сәйкес, апатқа газ баллонының жарылуы себеп болған. Жарылыстан кейін ғимараттың іші отқа оранған. Құрбандарының барлығы — зауыт жұмысшылары.

India TV телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасап жатыр. Арнайы қызмет өкілдері әзірге тілсіз жаудың бетін қайтара алмауда.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.