Зиялы қауым өкілдері мен мемқызметшілер Елбасы мақаласына қатысты пікір алмасты

644

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Аталған шараға Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері, «Jambyl» телеарнасының басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ж.Әдбіманап, тарихшы, археолог Қалиев С. және облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесудің модераторы болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департамент басшысының орынбасары Н.Еркебаев жиынды аша отыра, рараның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылап, мемлекеттік қызметшілер мен халықтың арасында еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау екендігін атап өтті.

Н.Еркебаев: «Елбасының жаңадан жарияланған мақаласын талқылау үшін зиялы қауым өкілдері жиналды. Бұл маңызды құжат бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Айта кетсек, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Онда Елбасы қазақта киелі саналатын жеті қазынаның жеті қырын тәптіштеп айтып, мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе, текті жануар жылқыға кеңірек тоқталыпты. Сондай-ақ, қазақтың тылсым табиғаты назардан тыс қалмады. Осылайша жаһандық тарихтағы өз рөлімізді дұрыс пайымдауға шақырамын».

«Президент архив мәселесіне көңіл аударыпты. «Архив-2025» деген мәселе қойған екен. Ондағы Президенттің ойы – біз әлі де болса, архивімізде сақтаулы отан тарихына байланысты беттерді ашуымыз керек. Халыққа жеткізуіміз керек. Мен өз басым оны қатты қолдаймын. Біздің архивімізде әлі де болса ашылмаған парақтар, беттер жатыр. Ұлттың қасіретті тарихы жатыр»,- деп атап өтті Ж.Әдіманап.

Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер мақаланың мәнін ашып, жан-жақты түсіндірді. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді билікпен бірге орындауға да ниетті екендерін айтып тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.