Жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлемді онлайн алуға болады

242

Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз, көп уайымдамаңыз. «Әрекет түбі — берекет» деген халық даналығын еске түсіріп, алдағы бағыттарыңызды бағамдам алыңыз. Жаңа жұмыс іздеуді бастамас бұрын сіз жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз.
Оны онлайн жасауға болады:
1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
2. «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұрным жіберіңіз;
3. өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.
Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды.

Шалқар Елемес,

Тараз қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы №1 бөлімшесінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.