Жұмыспен қамту – басты назарда

328

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше ден қойылуда. Осыған орай, бүгін қалалық Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде қалалық әкімдіктің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» бастамасымен Павлодар облысы Ақсу қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдері өңір тұрғындарымен сондай-ақ, Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесуде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарды оңтүстіктен солтүстікке көшу және жұмыспен қамту осылайша еңбек күші артық өңірлер арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында қалалық №1,2,3 пробация қызметінің есебінде тұрған 20 сотталған азамат өздеріне қажетті ақпараттар алып, аталған бағдарламаға қызығушылық танытты.

Әділет Ерманов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ПҚБ ету бөлімінің бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.