Жуалыда экотуризмді дамытуға баса назар аударылып отыр

352

Елімізде экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән берілуде. Бұл туралы аудан әкімі Нарбай Ергебеков өзінің қорытынды есеп беру жиынында айтты.

– Өздеріңіз білесіздер, мұндай жобалар біздің ауданымызда да іске асырылуда. Билікөл ауылдық округі Берікқара шатқалынан жазғы демалыс орны ашылып, іске қосылды. Тәттібай Дүйсебайұлы ауылынан бой көтеріп жатқан Қаралма тау-шаңғы базасы алдағы уақытта пайдалануға беріледі. Көксай шатқалынан арнайы спорттық демалыс сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстары қолға алынбақ. Бұл жобалар аудан экономикасын ілгерілетуге септігін тигізері ақиқат, – деді Нарбай Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, аудан әкімі Берікқара тау шатқалындағы жазғы отбасылық демалыс орнының кәріз су жүйесіне жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, қаржы қарастырылып жатқанын да жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.