Жолдау: Ғылым мен денсаулық салаларына қаржыландыру артады

623

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыруды тапсырды.

«Бес жылдың барысында білімге, ғылымға және денсаулық сақтауға  арналған шығыстарды барлық көздерден елдің Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жеткізу керек. Әсіресе, бізде ғылым ақсап тұр. Сондықтан тиісті қадамдарды іске асырып, белгіленген мақсатқа қол жеткізейік», — деді Президент.

Осы орайда Н. Назарбаев бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері тиісті басымдықтарды қойып отырғанын еске салып өтті.

«Қаржыландыруды белгіленген реформаларды жүзеге асыруға бағыттау керек. Олар халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз етеді. Үкімет әрбір саланы айқындауы тиіс», — деді Елбасы.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы уақытта Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.