Жібек жолы жайында жаңа мультфильм жарық көрмек

1 230

Қазақстан анимациялық қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев Батыс пен Шығысты байланыстырған ежелгі керуен жолы туралы аңыздың қазақша нұсқасын ұсынады.

Автордың бастамасын Ресей, Қытай және Франциядағы әріптестері қолдап отыр.Бұл Жібек жолы жобасын насихаттайтын алқашқы толықметражды анимациялық кино болады. Ғали Мырзашев мультфильмнің сценарийін шетелдік әріптестерімен бірлесіп 5 жылдай жазған. «Сондықтан әбден пісіп, жетілген жоба», – дейді. Анимациялық туындының бас кейіпкері – Жібек есімді қыз. Фильмде сонымен бірге айдаһар, император сарайы сияқты қытай нақыштары кездеседі. Жаңа туынды Жібек жолын насихаттап, әлем халқын достыққа шақырады.

Ғали Мырзашев, Қазақстан анимациялық кино қауымдастығының президенті, мультипликатор:

— Менің мақсатым – адамдарды қарама-қайшы қылмай, бір-бірімізді қорқытпай, бір-бірімізбен мәдени қарым-қатынас жасап, қонақ болып, бір-біріміздің дәстүрімізді біліп, бір-бірімізді танып, соған шақыратын, соған меңзейтін бірден-бір жоба жасау. Қытай елі қазақстандық мультипликатордың жобасына үлкен қызығушылық танытты. Олар қасиет тұтатын айдаһар бейнесі ерекше сомдалған. Мультфильмнің көңіл көтеретін әзіл тұстары да бар. Мифологиялық кейіпкер Жібек есімді қыздың торсығындағы қымызға үнемі құмартып тұрады. Сонымен қатар «Керуен» деген халықаралық аудиторияға арналған мультсериал да пісіп дайын тұр. Жобаны қаржылай қолдайтын инвесторлар табылып, келіссөздер жүріп жатыр.

Ғали Мырзашев, Қазақстан анимациялық кино қауымдастығының президенті, мультипликатор:

— Бір ризашылығым, Қытай қоғамының ішінде түсінетін, мені қабылдайтын, мені қолдайтын мамандар азаматтар көп. Олар да «Біз, Қытай елі өз ішімізде ғана бір-бірімізге үгіттеп, Жібек жолы деп дәлелдейміз. Ал сыртқа шығуға, өзгелермен тайталасуға көмектесеміз» деп отыр. Ғали Мырзашевтың Жібек жолын насихаттауға арнағалған жалпы саны 8 жобасына қытайлық продюсерлік орталықтар қызығушылық танытып отыр екен.

24.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.