Жеткіншектер үшін психологиялық жұмыстардың маңызы зор

266

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/1 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушылар арасында тұлғаның жеке психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында психологиялық жұмыс ретінде кешенді әдістемелерді қолданып «Ақ сұңқар» психодиагностикалық аппарат арқылы психологиялық тексеру жұмыстары өткізіледі. Атап айтқанда: «Жеке тұлғаны зерделеу сызбасы» толтырылып, кешенді әдістемелерді қолданып психодиагностикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара барысында өзіне қол жұмсауға бейімділігін, өзіне қол жұмсауға бейімділік әрекетін және психоэмоционалды тұрақтылығын, үрейлену деңгейін сондай-ақ көңіл-күйін анықтауға бағытталған тесттердің түрлері өткізіледі. Сонымен қатар (арттерапия) сурет салу («МАНДЕЛА» және «Үй, тал, адам») іс-шаралары жүргізіледі.
Жеткіншек – бұл алаңсыз балалық шақтың аяқталуымен күрделі жауапкершілік жүктейтін ересектік шақтың аралық кезеңі, оны психологияда «өтпелі кезең», «қиын», кезең деген ұғымдар аясына сыйғызады. Шынмәнінде мінез-құлықта өзгерістер көп болатын, албырттыққа бой алдыратын, асығыс шешімнің жетегіне еретін ауыр кезең бұл. Сондықтан да, отбасында жеткіншек пен ата-ананың өзара түсініспеушілігі жиі кездеседі. Осы кезде қоршаған ортаның ықпалына ерекше мән беретін жеткіншек қылмыстық жағдайларға да жиі барып жатады.
Жеткіншектердің әлеуметтенуі отбасынан бастау алады. Отбасындағы психологиялық жағдай баланың болмысына әсер етпей қоймайды. Жасөспірімдердің отбасындағы кейбір жағдайлармен келіспеуі олардың өздеріне жасаған ересектердің қарым-қатынасына наразылығын тудырып жатады. Кейбіреулері сәтсіз отбасының бейкүнә баласы болып балалық шақтың өзінде психологиялық жарақат алса, енді біреулері толық емес отбасында тәрбиеленіп, сол сияқты сансыз себептердің ықпатымен қылмыс жасауға барып тағдыр тәлкегіне түсуде.

Құндыз АХАШЕВА,
ЖД-158/1 мекемесінің инспектор психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.