«Жастар – ұлттар бірлігінің ұйытқысы»

248

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Jas Otan» ЖҚ-ның, «Жұлдыз» аула клубының бірлесе ұйымдастыруларымен ағымдағы жылдың 7 қазан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, Қасқабұлақ ауылдық округінде жастар арасында «Жастар-ұлттар бірлігінің ұйытқысы» атты аудандық фестиваль өткізілді. Аудандық фестивальдің басты мақсаты-жастар бойында ұлтаралық татулық, достық қатынас, және өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту болып табылады. Алғашқы сөзді ауыл ақсақалы Халилов Рашит, Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы И.Юсупов және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы Н.Манатбеков жастар бойындағы ұлт аралық достықты нығайту мақсатында қатысушы бірлескен əр топқа тілегін білдіріп, сәттілік тіледі. Іс-шараға Өзбек, Үнді, Сыған, Күрд, Түрік және Қазақ т.б, ұлттардың ұлттық киімдерін киінген 8 топ «Сәлемдесу», «Салт-дәстүр», «Ұлттық өнер» кезеңдерінен өзара сынға түсіп, əділ қазылардың шешімімен жеңімпаздар анықталды.
І- орын Балалар өнер мектебі, ІI-орын Балалар мен жасөспірімдер орталығы, ІII-орынды Қасқабұлақ ауылы мен Лицей мектебі бөліссе, Көрермендер көзайымы деп Қаратау құрылыс-техникалық колледжі танылса, қалған фестивальге қатысушы топтар дипломдар жəне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылып марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.