«Жастар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу жолдары»

1 142

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» қоғамдық бірлестігі жастар арасындағы интернетке тәуелдіктің алдын алу мақсатында психолог Арайлым Болатбекқызынан сұхбат алынады:

Жүргізуші:

  • Интернетке (ғаламторға) тәуелділік түсінігіне қандай анықтама беруге болады?

Психолог:

  • Ол – баланың шынайы өмірден алыстауы. Шынайы достарынан алшақтауы, виртуалды әлемге еніп кетуі болып табылады. Көбіне интернет құрбандары 7-14 жасар балалар.

Жүргізуші:

  • Интернетке тәуелділіктің пайда болу себептері қандай?

Психолог:

  • Түрлі себептері бар, негізгілері мыналар: адамның интернетке қызығушылығының басым болуы, баланың бос уақытының көп болуы, бойындағы стресс, күйзеліс сезімдерін компьютерлік ойындар арқылы шығаруымен басталады.

Жүргізуші:

  • Интернетке тәуелділіктің тигізетін зардаптары қандай?

Психолог:

  • Ол бүкіл адамзатқа, отбасына зардабын тигізеді, мысалы, уақытын босқа өткізеді, интернетке отырғанында оның бірлігі, яғни төлеген ақшасы кетеді, көзіне зияны тиеді, көп отыратын адамның көзі бұлыңғыр болады. Компьютер, ұялы телефон арқылы берілетін ультра сәулелер адам жүйкесін қоздырады, жүйке талшықтарын шымырлайды, сол кезде адамда ашушаңдық пайда болады. Адамның қоғамдағы этика, эстетика мәдениеті бұзылады.

Жүргізуші:

  • Алдын алу немесе тәуелділіктен арылу жолдары қандай?

Психолог:

  • Иә, бар. Күнделікті баланың қандай ойынға, қандай сайтқа кіргенін бақылау, қажет жағдайда қатаң тежеу арқылы. Жәй ғана отбасымен бірге тамақтанбауы да бақылауды қажет етеді. Яғни, бала күнделікті интернетке 2 сағаттан артық отырмауы қажет. Бүкіл виртуалды болып жатқан дүниесін шынайылыққа ауыстыру шарт, ер бала болса футбол ойнауы, қыз бала болса жақсы құрбыларымен сырласуды үйрету. Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру қажет, түрлі үйірмелерге: спорт, сурет, ән, дизайн, би, қолөнер, жүзу, т.б. қатыстыру.
  • Психолог:
  • Интернетке тәуелділіктің  қандай түрлері бар?

Психолог:

  • 3 түрі бар, біріншісі «бала бол» түрі, яғни, әлеуметтік желіде таныстық жасау. Екіншісі «желілік», яғни, кезкелген ақпаратты  терең оқып, кітаптан емес ақпаратты түбіне дейін қопаратын түрі саналады, соған уақытының барлығы кеткенін сезбейді. Үшіншісі «вебсервер», кіші жас балалар ұшырайды,анасы сол бала тынышталсын деп қолына планшет не телефонды ұстата салады, бірақ бала мән-мағынасы жоқ қайда кіріп отырғанын өзі де түсінбейді, түрлі ойындарға, сайттарға кіріп кетеді.

Жүргізуші:

  • Интернетке тәуелділіктің алдын алу жолында өз тарапыңыздан қандай кеңес берер едіңіз?

Психолог:

  • Ең бірінші баладан тәуелділікті,яғни телефон не планшетті бірден үзілді кесілді алып қоюға болмайды, түсіндіріп, уақытын бірте-бірте шектеумен жасалатын дүние. Әйтпесе, ол агрессия білдіруі, барлық нәрсеніқырсығып кері жасауы мүмкін. Сол себепті баланы еңбекке баулу, қарапайым ас ішіп болған соң өз орнын тазалауды, ыдысын апаруды үйреткенде балада жауапкершілік, тазалық оянады. Достарымен жиі ойнатып, жастар болса, жиі жолдастарымен, бірақ белгілі уақытқа жіберуге болады.

Жүргізуші:

  • Интернетке тәуелділіктен қорқу керек пе?

Психолог:

  • Әрине, қорқу керек. Виртуалдыққа бет бұрып, біз шынайылықты ұмытамыз. Ондайды «роботизм» деп атайды. Адамдар жалқаулыққа бетадамдар. Сол үшін интернетті қалыпты қолдануды үйрену қажет, яғни күнделікті 2-3 сағат, одан артық жүйкеге де әсер етеді. Ең оңды жолы кішкентайларымызды бастапқы кезде қадағалау, үлкен шақта уақытты дұрыс уайымдастыру болып табылады.

Жүргізуші:

  • Сұхбатыңызға рақмет, сау болыңыз.

Психолог:

  • Назарларыңызға рақмет, сау болыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.