«Жастар арасында суицидтің алдын алу»

628

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәслелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» қоғамдық бірлестігі жастар арасында суицидтің алдын алу мақсатында психолог Әйгерім Талғатқызынан сұхбат алынады:

Жүргізуші:

  • Жастардың суицидтік(өзіне қол жұмсау) мінезін қалай байқауға болады?

Психолог Әйгерім Талғатқызы:

  • Мінез-құлық ерекшелігінің екі түрі болады: Бірі сыртқы келбеті, екіншісі жасырын тұйықтығы. Сырт келбетті өзгерістегісуицидке ерсі қылықты бала баруы мүмкін. Атап айтқанда, жасөпірімдік жаста ерсі қылық көрсеткен бала, тез ашушаң, қиратқыш мінездер көрсеткен болса, тыңдамай, қатты кетіп жатқан болса, онда ол бала сыртқы басқа факторлардан әсер алып, сол ықпалдың жетегінде жүр дегенді білдіреді. Кенеттен сөйлеп, ашық мінезді жүрген бала бірден тұйықталса, бөлме есігін жауып алатын болса, ол жасырын тұйықтық суициді болады.

Жүргізуші:

  • Осындай жағдайларда ата-ана не жасауы керек?

Психолог:

  • Ата-ана балалар жасөспірім шақта аса байқампаз болуы шарт. Өйткені баланың «мен» концепциясы 13 жастан ересектікке ұмтылу шағында басталады. Қалыпты жүрген баланың өзі физикалық (дене) және психикалық (ой-өрісі) өсіп жетіліп жатқанда, міндетті түрде өзгеріс болады.

Жүргізуші:

  • Суицидті қай жастағы балаларжиі жасайды?

Психолог:

  • 12-14 жас шамасындағы жасөспірімдер суицидті жиі жасайды.

Жүргізуші:

  • Ата-ананың бұл жағдайға назар аудармауына қандайсебептер болуы мүмкін?

Психолог:

  • Күнделікті күнкөріс қамы, отбасын асырауда ақша табу мәселелеріне байланысты бала бақылаудың жоқтығынан сыртқы кері әсерге ұрынуы мүмкін. Атап айтсақ, жаман ниетті достарды кездестіруі, әлеуметтік желілер, неше түрлі телефондағы не компьютерлік ойындар(мысалы,синий кит) т.б.

Жүргізуші:

  • Суицидтің алдын алу үшін не маңызды?

Психолог:

  • Басты фактор – баланың қаланған іргетасы. Яғни, фундаменті мықты бала, кішкентайынан жақсы мінезбен тәрбиеге құлағдар болса, және өзінің жігері мықты болса, ондай қылықтан арылуға болады. Ал бала жалтақ болса, ол әр нәрсеге еріп кететін, еліктегіш болады. Сондықтан баланы жастайынан көп еркелетпей, еңбекке баулыған дұрыс. Алдын алуда ата-ананың рөлі маңызды. Егер отбасында зорлық- зомбылық жағдайын көретін болса, гармондарының өсуіне байланысты балаға агрессиялы кері әсерін тигізеді. Отбасылық мәселені баланың көзінше талқыламауға, қатты айқай-шумен шешуге болмайды. Ол бала психикасының ауытқуына апаруы мүмкін.

Жүргізуші:

  • Суицидке баруға әлеуметтік фактор және генетикалық (тұқым қуалау) фактордың қайсысы көбірек әсерін тигізеді?

Психолог:

  • Ұрпағында өзіне-өзі қол жұмсаған бала болса, әрине қанмен берілуі мүмкін, оған үй жағдайы да қосылып ушығуы мүмкін. Көбіне әлеуметтік қоршаған ортасы суицидке апаруы мүмкін. Ол жастардың махабаттағы сәтсіздік, немесе оқуға тиісті баллды жинай алмаған жағдайда, ата-анасы ақылы оқуға шамасы жетпейтінін білетінін бала болуы да мүмкін. Бұл мінез- құлықты «төзімсіздік» деп атайды.

Жүргізуші:

  • Қоғамда әртүрлі отбасылар бар, солардың ішінде қандай отбасыларда жиі кездеседі?

Психолог:

  • Толық емес (ата-анасы ажырасқан) отбасыларда, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда, көпбалалы, толық отбасыда да.

Жүргізуші:

  • Өз тәжірибеңізде суицидтік жағдай кездесті ме?

Психолог:

  • Иә, ажырсқан отбасында, бала өз ата-анасын татуласу мақсатында өз-өзіне қол жұмсады. Бірінші рет ол тырысқанда ата-анасы мәжбүрлі түрде қосылған, екінші рет мінездері үйлеспегендіктен, қайта жанжал басталғанда жасырын түрде ұрысып жүрген, алайда жағдай одан сайын ушығып кеткен, артынша бала тағы өз-өзіне қол жұмсаған. Менің ойымша әрбір ата-ана өз баласымен жеке сөйлесуі шарт. Ақылмен, байыппен түсіндірулері керек. Қандай жағдай болмасын, баланы үлкен өмірге дайындай алу керек.

Жүргізуші:

  • Жұмыста жүрген ата-ана баласына қалай көңіл бөле алады?

Психолог:

  • Әрине барлық ата-ана психолог емес, сондықтан телефон арқылы, видео қоңырау арқылы, сенім телефондары арқылы жағдайды бақылай алады. Әр ата-ана психолог болуға міндетті емес, бірақ іштен шыққан баланы сол ата-анадан жақсы білетін адам жоқ. Сондықтан өз баласының ерекшелігіне қарай әңгіме айтуы керек. Балаға ешқашан «өзіңеқол жұмсайын деп жүрсің бе?» деген ашық сұрақтар қоймау қажет. Ол керісінше оған ой салуы мүмкін. Баланы мақтау керек, «сен енді ержеттің, бойжеттің, алдыңда өмір деген керемет нәрсе бар, оны керемет қылу өз қолыңда, қиындықты бірге жеңеміз», «қандай қиын жағдай болса да айт, сөкпеймін» деп баламен сырлас болу қажет. Сонда ғана ол ашылады. Жұмыстан шаршаған ата-ана болса, кешке келгенде 15 минутын болсада баласына көңіл бөлуі керек. Ақша тауып жүрмін деп міндет қылса, балаға «мен керек емеспін» деген ой келуі де мүмкін. Әңгіме, көңіл бөлу, құшақтау сынды сезімдер, жағымды эмоциялар балаға жеткілікті.

Жүргізуші:

  • Суицидке апаратын жағдайлардың алдын алу деңгейлері бар ма?

Психолог:

  • Бар, бастапқыда баланың мінезінде өзгеріс болғанда сөйлесу. Суицидтің алдын алудағы басты қажеттіліктер: баламен жеке сөйлесу, көңіл бөлу, марапаттау, белгілі бір үйірмеге қатыстыру (өзі ұнататын іспен айналысқанда адамның ойы бөлінеді, жаман ойдан аулақ болады). Бала тәрбиесіне ана да, әке де бірдей жауапты. Сондықтан қазақ менталитетіне сай қыз баламен анасы, ұл баламен әкесі жеке сөйлескені дұрыс. Жастаротбасын құрарда, олар балаға  жауапты болуды да жоспарлағаны дұрыс. Қазіргі таңда үлгілі  отбасылар бар, бей-жай қарайтындар да бар, өкінішке орай  бейғамдықтан суицид орын алады. Бала тумас бұрын баланы материалдық қамдандыру жағын да ойласа дейміз. Қандай жағдай орын алса да, ата-ана бір шешімге келсе дұрыс болады.

Жүргізуші:

-Кибербуллингтің суицидке әсері бар ма?

Психолог:

  • Иә, әсері бар. Себебі, сератонин деген гармон бар, жастар өсіп келе жатқанда эмоциясына әсер етеді. Сол гармондар қалыптасу барысында интернеттен неше түрлі агрессивті(қорқыту, үркіту сынды) ойындар көріп, одан сайын ушығуы мүмкін. Сондықтан, баланы күнделікті 2 сағаттан артық телефон, не ғаламторға кірмеуін қадағалау маңызды.

Жүргізуші:

  • Сондай ойындардың қандай түрлері бар?

Психолог:

  • Бір кездері таңғы 4-терде ойнайтын үрей ойыны шыққан. Ол кезде адамның миы ұйықтағанда адамды сол кезде кері әрекетке апару оңай болады, өйткені денесі ояу болса, да миы ұйқыда болады. Ол ойынның бастамасы негізі күндізгі сағ.4-тен басталады, кейін адам әуестене бастағанда жәймен оның сағаты да түнгі 4-ке жетеді. Арнайы жоспарлар беріліп отырады, сол жоспар бойынша ол таңғы 4-те оянуы тиіс болады.Ол топтық ойын не ұжымдық болуы мүмкін болуы мүмкін. Сол сәтте өзгерісті байқаған ата-ана баламен жеке сөйлесуі маңызды.

Жүргізуші:

  • Жастардың денсаулығын арттыру мақсатында қоғамға қандай міндеттер арта аламыз?

Психолог:

  • Бала үшін ең маңыздысы отбасы, мектептегі қарым-қатынасы, ортасы (достары), әр балаға «балаға жастан» демекші басынан бастап көңіл бөлу абзал.

Жүргізуші:

  • Сұхбатыңызға рақмет, сау болыңыз.

Психолог:

  • Назарларыңызға рақмет, сау болыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.