Жандос Смайлов жаңа қызметке тағайындалды

680

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы болып Смайлов Жандос Мейірбекұлы тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы хабарлады.

Ж.Смайлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған, сондай-ақ, әр жылдары «Қазконтент» АҚ-да республикалық Baq.kz ақпараттық порталында және El.kz жастар сайтында редактор, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық-мониторинг бөлімінің басшысы, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз хатшысы және «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-да бас сарапшы болып қызмет атқарды.
2015 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.