Жамбылдық 150 құрылысшы Арыста еңбек етуде

340

Жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік шараларды атқару бойынша қызу жұмыстар жүргізуде.
Бұған дейін айтылғандай қала аумағы 17 секторға бөлінген десек, 3-секторға қарасты 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысына жүктелген болатын. Бұдан бөлек бұл бөліністе тағы 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар анықталған.
Бүгінде облысқа тиесілі аумақтағы 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйдің барлығы толығымен зерделеніп аяқталды. Нәтиежесінде қираған 3 үйдің екеуіне толық, біреуіне жартылай қалпына келтіру шаралары атқарылатын болды.
Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ.
Айта кетейік, қазіргі таңда жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 150 құрылысшысы Арыстағы 35 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
Сондай-ақ, 30-дан аса жамбылдық ерікті зардап шеккен арыстықтарға қол көмегін көрсетіп, аянбай тер төгуде. Одан бөлек, белсенді еріктілер мен бүлінген үйлердің тұрғындарынан жасақталған қоғамдық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері әр 10 үйге бөлініп, ауысым бойынша түрлі әлеуметтік мәселелермен айналысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.