Жамбылда 30 спорт кешені салынады

444

Бүгінде облыс тұрғындарының жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қолжетімді 1605 спорт нысаны анықталды. Оның 517-і Тараз қаласында, 1088-і аудандарда орналасқан. 2019 жылы орта мектептердің спорт залдарын (359) толығымен тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Сонымен қатар, баяндамасы барысында Асқар Исабекұлы 2019-2021 жылдары Жамбыл облысында 30 спорт кешенін салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде, Тараз қаласында жеңілатлетикалық және гимнастикаға арналған манеждер құрылысы бар.

– Бұдан бөлек, 2020 жылға 2 930,0 млн. теңгеге 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 2021 жылға 1 040,0 млн. теңгеге 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіледі. Аулаларда, парктерде, саябақтарда 29 спорт алаңшасын салынбақ. Олар – 14 әмбебап спорт алаңшасы, 6 кіші футбол алаңшасы және 8 стритворкаут алаңшасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.