Жамбыл облысында көшпелі экологиялық зертхана жұмыс істейді

593

Жамбыл облысында 2020 жылға дейін өңірдің экологиялық проблемаларының картасы немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстары жолға қойылады.

Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Жақсылық Сапаралиевтің сөзінше, бүгінгі таңда өңірде экологиялық жағдай тұрақты.

«Бүгінгі таңда басты назарда тұрмыстық қатты қалдықтар тұр. 377 елді мекенде түрлі өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жоюға арналған 165 полигон жұмыс істейді. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қалдықтары қайта өңдеуге жіберіледі немесе тиісті стандарттарға сәйкес утилизацияланады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тиісті жол картасы әзірленген»,-деді жетекшінің орынбасары.

Айта кететін мәселе, соңғы 15 жылда өңірдің өндірістік мүмкіндіктері 2,5-3 есеге артты. Ондаған жаңа өндіріс ошақтары іске қосылуда, бұл өз кезегінде қоршаған ортаның эмиссиясына ықпал етпей қоймайды. Осы жылдары атмосфераға өнеркәсіптік қалдықтардың өсімі екі есеге дерлік артып, 40 мың тоннаны құрады.

Жақсылық Сапаралиевтің сөзінше, облыс бойынша барлығы 2,8 млн тонна қатты қалдықтар бар.

Облыс орталығында қалдықтарды бөлек жинау мақсатында пластик және полиэтилен заттарға арналған 347 контейнер орнатылған. Бұл қалдықтар кейін нығыздалып, қайта өңдеуге жіберіледі. Бүгінгі таңда қалдықтардың 79% қайта өңделеді. Облыс орталығы мен аудандарда орналасқан өнеркәсіптік қалдықтарды бақылау мақсатында биылғы жылдан бастап, жылжымалы экологиялық зертхана іске қосылады.

«Аталмыш зертхана зауыттардың қызметінің салдарынан атмосфераға тасталған қоршаған ортаны ластауы ықтимал заттарды жинастырып, талдау жасайды»,-деді Жақсылық Сапаралиев.

Сонымен қатар, экологиялық жағдайды оңалту мақсатында өңірде «Жасыл белдеу» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

«2016 жылы Жамбыл облысында өсімдіктер 395 га аумаққа отырғызылды. 2017 жылы бұл көлем 1 гектардан асты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді»,-деді спикер.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.