Жамбыл облысында болған оқиғада 8 адам қаза тапты

315

Тақырып / Тема: «Қордай аудандағы Масанчи ауылындағы жағдай жайында» / «О ситуации в Кордайском районе Жамбылской области»Спикерлер / Спикеры: Дембаев Булат Бекназарұлы ҚР бас прокурорының орыбасары,Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы ҚР Ішкі істер министрі,Абаев Дәурен Әскербекұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі. /Дембаев Булат Бекназарович Заместитель генерального прокурора РК, Тургумбаев Ерлан Заманбекович Министр внутренних дел РК,Абаев Даурен Аскербекович Министр информации и общественного развития РК.Модератор: Абдилов Алибек. Назар аударыңыз! Берілген тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, осы жерде қалдыруыңызға болады. Өңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная служба коммуникаций — Атырауская областьМаңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіРск Костанайской ОбластиӨңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная Служба Коммуникаций СКОКГУ "Региональная служба коммуникаций" Акмолинской областиРСК Карагандинская областьТүркістан Өңірлік Коммуникация ҚызметіРегиональная служба коммуникаций Павлодарской областиРСК ВКОКГУ "Региональная служба коммуникаций города Алматы"Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Опубликовано Служба центральных коммуникаций Пятница, 7 февраля 2020 г.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында болған полицейлермен қақтығыста 8 адам қайтыс болғанын айтты.

Ішкі істер министрінің мәліметінше, 7 ақпанда сағат 19:00-де Жамбыл облысы полиция департаментіне Қордай ауданы Масанчи ауылының маңында 70-тен аса адам төбелесіп жатқаны туралы ақпарат түскен.

«Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дерек полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесіп, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Салдарынан басқа ауылдардан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылып кеткен. Екі тарап бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданған. 8 адам қайтыс болды, 40 адамнан астам жарақат алды. Арасында қарудан зардап шеккендер де бар. Жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына ішкі істер органдарының қосымша күштері жіберілді», — деп хабарлады министр ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.