Жамбыл облысында бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде

28 қаңтар – 1 ақпан күндері аралығында "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде, - деп хабарлайды "08info" ақпарат агенттігі "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

576
Жиындардың күн тәртібінде үш мәселе қаралуда. Бірінші мәселе «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы. Сондай-ақ, екінші мәселеде партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқылануда. Бұл тұрғыда БПҰ тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрыпталуы қажет. Ал үшінші мәселе – партия аумақтық филиалының конференциясына делегаттар сайлау. Кеше басталған осындай жиналыстар бүгін де облыстың барлық аудандарында жалғасуда.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 69 770 партия мүшесі, 337 бастауыш партия ұйымы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.