Жамбыл облысында 89 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды

304

Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында Департаментпен 93 (2018 – 62) қылмыстық іс сотқа жолданған болса, 89 (2018 – 40) тұлға қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде мемлекеттік органдарға 151 ұсыным жолданды, оның ішінде 80 қаралып, 88 әр-түрлі санаттағы лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.