Жамбыл ауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

381

Бүгін Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылының тұрғындары баспаналы болу бақытына ие болды. 1 қыркүйек – білім күніне орай аудан орталығындағы «Бәйтерек» ықшам ауданында жаңа пәтер пайдалануға берілді. Оған облыс басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, пәтер иелеріне кілттерді салтанаттарды түрде табыстады.
Арендалық негізде берілген пәтерлер негізінен көпбалалы және толық емес отбасыларға үлестірілді. Барлығы 18 отбасы қоныс тойын тойлауда. Аудандық бюджеттен қарастырылған қаржыға бой көтерген нысан құрылысын «Бином» ЖШС-і жүргізген. Жоба құны – 146,9
млн. теңге.
Айта кетейік, облыс бойынша көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 120 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды. Оның 93-і арендалық үй, 27-і демеушілер есебінен. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Жалпы, бұған дейін хабарлағанымыздай Конституция және Білім күні мерекелеріне орай облыс бойынша 800-ге жуық пәтерді құрайтын 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 9-ы Тараз қаласында, 2-і Жамбыл Және Талас аудандарына тиесілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.