Ж. Айтақов вокзал қауіпсіздігін жеке қадағалауына алды

247

Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов төтенше жағдайда ерекше назарға алатын вокзал болғандықтан бұл маңды күніне екі мәрте аралауды қтлға алды. Бұл туралы аудан басшысы өзінің жеке парақшасында хабарлады.

«Бүгінгі барлау жұмысымда тәулігіне 30 жолаушылар пойызы келіп тоқтайтын торапта санитарлық талаптардың сақталуына ден қойдым. Вокзал әкімшілігіне әр есіктің тұсына арнайы антисептиктерді орнату қажеттігін ескерттім. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында сауда дүңгіршектері мен күту залын күніне 2-3 мәрте хлорлы дезинфекциялық заттармен өңдеу жүргізу керектігін жеткіздім. Бұл талаптардың орындалуына аудандық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы жәрдемдесетін болады»  — дейді Ж. Айтақов өз жазбасында.

Сонымен қатар аудан әкімі күніне келіп түскен жолаушылардың саны мен тіркелген аймағын анықтап отыруды орынбасарларыма тапсырған. Вокзал аумағын аралау барысында Шудан Алматы, Тараз қалаларына қатынайтын шопырларды сөзге тартып, аудандық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы М.Сәулебаев жолаушылар мен көлік ішін дезинфекциялаудың қарапайым тәсілдерін түсіндірген.

«Бұл бірінші кезекте әрбір адамның өмірінің қауіпсіздігі үшін қажетті қадамдар.
Құрметті жерлестер!
Қазіргі уақытта аудан аумағында коронавируспен ауру фактілері тіркелген жоқ Баршаңызды сақтық шаралары мен жеке гигиена талаптарын орындауға шақырамын»  — дейді Ж. Айтақов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.