Жүзу спортынан Қазақстан кубогында Аделаида Пчелинцева рекорд орнатты

461

Теміртауда жүзу спортынан Қазақстан кубогы жалғасын тапты. Жарқын оқиғалардың бірі — Аделаида Пчелинцева орнатқан елдің жаңа рекорды.

Спортшы кеудемен жүзуден 50 метр қашықтықты тамаша еңсерді. Енді Қазақстанның бұл түрдегі ең жоғары жетістігі 31,55 секундқа тең.

«Біз одан да жақсы уақытты көрсету үшін дайындалғанбыз. Бұл әлем чемпионатына дайындықтың қорытынды сөресі болған. Жіберген қателермен жұмыс істейміз. Одан кейін ӘЧ-да бұдан да жақсы нәтиже көрсетпекпіз. Рекордтық жүзу мені өте қуантты. Сүйікті дистанцияда халықралық кластағы спорт шеберінің нормасын орындадым. Өте бақыттымын! Жалпы алғанда, бұл маусым мен үшін жақсы өтті. Енді ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысамын. Бұл — мен үшін үлкен абырой», — деп баяндады жарыстан кейін Аделаида Пчелинцева.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.