Зейнет демалысына құрметпен!

1 138

Зейнетке шығу – үйреншікті өмір салтының бұзылуы емес, керісінше лайықты мерекенің себебі. Себебі болашақ зейнеткерге туған елдің игілігі үшін қызмет етуді жалғастыру, бақшада еңбектену, саяхатқа шығу, немерелерін бағу, балық аулау немесе басқа да уақыт өткізудің қызықты жолдарын таңдау мүмкүндігі туады.
Маңызды өмірлік тәжірибе мен ұзақ еңбек жылдары артта қалды. Енді міне құрметті зейнетке шығу құттықтауларын қабылдау сәті туды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесі медицина бөлімінің қызметкері Рағила Айгубекованы құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өткізілді.

Жиын барысында мекеме бастығы Әділет подполковнигі Жанболат Жұмалиев Рағила Сарқытбайқызына қызметкерлер атынан алғысын білдірді.

— Сізді бүгінгі зейнет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Біздің мекемеде еңбек еткен 12 жылға жуық уақыт аралығында сіз өзіңізді кәсіби маман ретінде көрсете білдіңіз. Өміріңіздің ең қымбат жылдарын біздің қиын қызметке арнағаныңыз үшін алғыс айтамын. Алға қойған тапсырманы адалдықпен атқарып, жас буынға үлгі бола білдіңіз. Сізге осынау жылдар бойы жаныңызға демеу болып, қолдап, берік тірек болып келген жанұяңызға да аса ризашылығымды білдіргім келеді. Сізге ұзақ та бақытты өмір, сарқылмас денсаулық пен сәттілік тілеймін, — деді Жанболат Алпысбайұлы.

Бұдан кейін сөз алған мекеме бастығының орынбасары Бекежан Сейсенбекұлы, аталған мекемедегі медицина бөлімінің бастығы әділет капитаны Гүлшат Жалынбекқызы демалысқа шыққан азаматшаның өмірінен, еңбек өтілінен қысқаша мәлімет беріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жетістіктеріне тоқталды.

Шығарып салу салтанатының соңында Рағила Сарқытбайқызына гүл шоғы мен естелікке бағалы сыйлық табыс етілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесі медицина бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.