Велоспорт базасының берері мол

475

Мемлекеттің ең басты құндылығы–адам капиталын арттыруда саламмтты өмір салтын сақтаудың маңызы зор. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту — мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі» деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұрғыда облысымызда да заман талабыбына сай жаңа нысандар қатары артып келеді. соның бірі велоспорт базасы Астананың 20 жылдығына орай есігін айқара ашты. Жаңа нысан велоспортпен, триатлонмен шұғылдануға арналған. Мұнда 1 ауысымда 36 адам жаттыға алады. Нысан құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталып, осы мақсатта 166,5 миллион теңге мақсатты игерілді. Базада жаттығу залы, велосипед қоймасы мен шеберханасы, асхана, киім ауыстыру орыны, шомылу және жаттықтырушыларға арналған бөлмелер қамтылған. –Негізінен бұл велоспорт базасы №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі. Соңғы уақытта елімізде велоспортшылар қатары көбейіп келеді. Дүбірлі додаларда ел абыройын асқақтатып жүрген велошабандоздарымыздың ішінде біздің облыстың ұландары да бар. Енді солардың ізін кейінгі жасөспірімдер жалғап, әлемдік жарыстарда еліміздің көк Туын биіктен желбірете берсін деген ниетпен осы нысанды салдық. Үміттеріміздің ақталарына сенімдіміз, -дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.