Түзеу мекемесіне есірткі жеткізбек болған азамат ұсталды

267

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің аумағына тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат ұсталды. Оқиға наурыз айының 24-і күні орын алған.

Азаматтың күдікті әрекетін байқаған мекеме жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет лейтенанты  А. Жампозов және кезекші топ кұрам офицерлері – әділет капитаны  А. Базарбай мен әділет аға лейтенанты А.Шукаманов оқиға орнына дереу жетіп, оны құрықтаған. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде 1987 жылы туған Е. есімді азамат қолға түсті.

Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, ұсталған азамат мекеме аумағына  65 таблетка «Трамадол» дәрілік затын және 2 дана ампуладағы суды жеткізбек болған. Сонымен қатар, лақтырылмақ болған түйіншектің ішінен 732,05 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылды.

Ұсталған азамат бұған дейін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі таңда оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.