Толеранттылық – жаңа заман талабы

553

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Толеранттылық – жаңа заман талабы» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы барысында Талас ауданы әкімдігінің  білім бөлімі «Дарын»  балалар өнер мектебінде дөңгелек үстел өткізілді.

Мекемеде, оқушылар,мұғалімдер жалпы саны 30-ға жуық адам қатысты. Жиынға шақырылған арнайы қонақ – «Еркін пікір» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Шахназар Жүсіпов сөз бастап, жастарға өзге ұлт өкілдері  неге бір-бірін  құрметтеуге тиіс  екендігін, бұның елімізге тиер әсерін түсіндірді. Келесі қонақ білікті исламтану маманы  Жанұзақ Әнебеков Ислам дінінің Қазақстан Республикасында  тыныштық пен ынтымаққа қосып жатқан үлесін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына толығымен жауап берді. Тақырыпқа сәйкес іс-шара барысында таратпа  материалдарды мемлекеттік және орыс тілінде  қатысушыларға таратылып берілді.

Диана Әбдіғаппар, 

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.