«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты жас өнерпаздардың аккустикалық кеші өтті

228

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігініңұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында «Дарынды және шығармашыл жастарды қолдау және дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты акустикалық кеш өткізілді.

Акустикалық кештің шымылдығын Облыстық, қалалық ән байқаулардың жүлдегері Айтуаров Ағаділ ашса, кешті қалалық жас өнерпаздар жалғай кетті. Атап айтар болсақ: Жандарбек Нұрбақыт, Ақылбек Темірлан, Бақыт Самат, Бескен Жүрсінхан, Умирзақов Рысбек сыңды т.б өнерпаздар төбе көрсетті.

Сонымен қатар қаламыздың тұрғындары бұл күні ерекше белсенділік танытып әндерін шырқады. Тіпті кішкентай бүлдіршіндер еш қысылмастан тәтті үндерімен әуелете ән салып қошеметке ие болды.

3 сағатқа ұласқан бұл кеш әдеттегідей көрермендерге ерекше әсер қалдырған іспетті. Себебі, әрбір көрермен ұйымдастырушыларға келіп алғыстарын білдіріп жатты.

Аталмыш іс-шараға 15 — тен астам өнерпаздар және 80-ге жуық көрермендер қатысып керемет кештің куәсі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.