Тараздықтар қиын сәтте қалдырмайды

256

Әлемдік пандемия кезінде әркім қолдан келгенше мұқтаж жандарға жәрдемдесуде. Жамбыл облысында да жомарт жандардың демеушілігімен талай игі істер атқарылуда. Соның бірі – бүгіннен бастап Тараз қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен шаһардағы 100 аз қамтылған отбасыға бір реттік ыстық тамақ таратылуда.

Бас демеуші «NOMAD MMA» федерациясының президенті Гаджи Гаджиев. Міне, осы атымтай жомарт жанның арқасында сәрсенбінің сәтті күні алғашқы ыстық тамақ «Chinara» мейрамханасында дайындалап,  тараздық еріктілердің көмегімен   үйме-үй жеткізіліп берілді.

Жалпы бір реттік ыстық тамақпен қамтылатын адамдардың санатына мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнетақысы төмен зейнеткерлер және  жағдайы төмен жалғыз ілікті қарттар кіріп отыр.

  100 адамды біз арнайы іріктеп алдық. Карантин уақыты біткенше осы тұрғындар түс мезгілінде бірінші және екінші ас мәзірлік тамақпен қатылады. Сондай-ақ сусындар мен өзге де қажетті заттар жеткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі және  жалғыз басты жандарға үйме-үй тамақтарын жеткізіп беру үшін 10 тараздық ерікті жас ниет білдірді. Осылайша біз қиын кезеңде мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмай, демеушілер есебінен қайырымдылық көрсетудеміз, -дейді қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова.

  Ас мәзірін «Chinara» мейрамханасында «Дәмді тағамдар» ЖШС-ның төрағасы Ғани Каримов 3 аспазшымен бірге дайындауда. Айта кетерлігі, серіктестіктің жұмысшылары қызметі үшін ақы сұрамай, игі іске үн қосуда. Бұл сөз жоқ, үлкен сауапты іс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.