Таразда тараптардың сотқа дейін татуласу мәселесі талқыланды

695

Еліміздегі әрбір үшінші азамат дауласумен әлек. Мамандардың айтуынша, олардың басым көпшілігі ажырасу, жұбайынан алимент өндіру ісі бойынша сотқа жүгінеді, – деп хабарлайды «08info.kz» ақпарат агенттігі  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Жамбыл облысында былтыр 3280, ал осы жылдың 6 айында 1600 неке бұзылған. Осыған орай сот өкілдері мен өңірге белгілі азаматтар қоғамдағы дау-дамайды азайту мақсатында бас қосып, ел ішіндегі дау-дамай деңгейін төмендету мәселелерін талқылады. Олар «Татуласу: сотқа дейін, сот кезінде» жобасын жүзеге асыруға қатысты өз ойларын ортаға салып, аталған мәселе бойынша ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар жиын барысында Республика бойынша соттан тыс құрылған татуласу орталықтары мен медиация жайы да сөз болды.

Сағатбек Сүлеймен, Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі:

— Біріншісі үгіт-насихат жүргізу, екіншісі жаңағы орталықтар ашып, ол орталықтарда білікті мамандар, медиаторлар бар, ақсақалдар бар, психологтардың көмегімен халыққа тегін кешенді сапалы қызмет көрсету, үшіншісі билер институтын қайта жаңғырту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.