Таразда “Қала күніне” орай тұрғындар арасында күзгі кросс өтті

434

Тараз қаласында “Қала күніне” орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерейтойына арналған қала  тұрғындары арасында күзгі кросс өтті.

Шара бұқаралық спорт түрлерін дамыту жəне салауатты өмір салтын насхаттау сонымен қатар, қала тұрғындарын дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жарысты Тараз қаласы əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Оксана Барисюк ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Күзгі кроссқа қатысушылар “Тараз Арена” спорт сарайынан ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябағына дейін Төле би даңғылы бойымен жүгіріп өтті.

Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, 29 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында, 39 жасқа дейінгі жəне 40 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында сынға түсті.

Жарыс соңында əр кезеңнен 5 қатысушы жеңімпаз атанып, сыйлықтармен марапатталды.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.