Таразда «Әуені әсем Әулиеата» концерті өтті

750

«Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Әуені әсем Әулиеата» атты концерті өтті.

Концерт «Жарты ғасыр – жалынды сәт» деректі фильмінің көрсетілімімен басталды. Концерттік бағдарлама дирижер Адай Жұматтың жетекшілігіндегі қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы «Құлақ» күйімен ашылды. Сонымен қатар, Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұхтарбай Рахманқұлов, ҚР Мәдениет қайраткерлері Анна Вундер, Рәзия Мәдіханова, Дүйсенбек Өмірәлиев көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ҚР Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Нәзима Үсенова, Жанатбек Кәдіров, Маралбек Бабақұлов, әнші, композитор Жандос Омаров және облысымызға танымал жұлдыздар Ғани Мәтебаев, Торғын Орынбаева, Гүлшат Тінәсілова, Мәдина Сағынбекова, Жанна Асанқұлова, Қайсар Көкішов, Жазира Сметова, Динара Диханбаева, Индира Хамзина, Фариза Досболова, Жанар Өстемірова, Айнұр Атаниязова, Әлішер Балтаев, Темірлан Жұмаханов, ағайынды Марғұлан Әлсейітов пен Сұлужан Әбенова, Құрмаш Қуанышбаев, Қаракөз Сағынтаева, Талант Құрымбаев, Ерлан Ибәділдаев, Жақсылық Қалтешов, Әділет Әбдікерімов, Арай Құрымбетова, Жұлдыз Өксікбаева, Айгүл Есекеевалар және «Дауыс» триосы, «Құрбылар» тобы, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, «Сымбат», «Балауса» балдық би топтары өнер көрсетті.

Іс-шара филармония әртістерінің орфндауындағы «Ақ тілегім еліме» атты әнімен аяқталды. Әсем әнді шарықтата шырқайтын филармония әртістері Әулиеата жұртышылығына рухани ләззат сыйлап, шаттыққа бөледі.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.