Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

130

Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында облыстағы сыбайлас жемқорлық ахуалы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан алдын алу жұмыстары талқыға салынды.

Кеңес отырысында департамент басшысы Ә.Әшірбаев, облыстағы субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен шарттарын анықтау және оның себептерін жою барысындағы бірақатар кемшіліктерді айтты.

Комисия қорытындысымен облысы әкімі Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары аясындағы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағытын ескере отырып, мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлықтың ішкі тәукелдерін өздері анықтау механизмдерін кеңінен пайдалануды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша қабылданған кешенді жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.