Суицидтің алдын алуға бағытталған сабақ өтті

665

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесі жеке құрамымен психологиялық дайындық бойынша сабақ өткізілді.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алуға бағытталған жиын суицидке бейім адамдарды анықтау, өзіне-өзі қол жұмсауға бейім адамдармен алдын-алу жұмысын жүргізу, алғашқы психологилық көмек көрсетуді мақсат етті.
Жалпы, суицид (латынша «sui caedere») – ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін – өзі зақымдау болып табылады. Суицидалды әрекет дегеніміз–суицидальды активтіліктің, яғни суицидалдық, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.
Суицидалды синдром– бұл суицидалды әрекеткебелбуған адамның қимыл – әрекетімен мінез – құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидалды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне көңілін аударту мақсатында жасалады); 2. шынайы суицид дегеніміз – өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын–туыстарымендос–жарандарының және өзгелердің ой–пікірлерін ескермей, олардың қайғы–мұңымен жұмысы болмайды).
Суицид девиантты іс-әрекеттің бір түрі яғни трагедиялық түрі өзін-өзі өлтіру.
Суицид негізінен жеке тұлғаның әлеуметтік дезадаптациясы, психикалық дезадаптациясы (қандай да бір жағдайға н/е басқаға адамның бейімделуінің бұзылуы) ретінде қарастырылады, қиын жағдайларды шеше алмау, кризистің шегіне жетуі және конфликт жағдайының жиі кездесуі (отбасы проблемалары, банктерге қарызы, іштей өзінің қажет емес сезімі).
Суицидке бейім адамдарды анықтау белгілері:
• Жабығулы көңіл-күй, асқа тәбетінің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;
• Көп жағдайда спирттік ішімдікке тәуелді болу;
• Мінезі бірден өзгерген және депрессиялық күйге түскен;
• Сыртқы көрінісі шаршаңқы және басыңқы;
• Зейіні мен қабылдауы, сөйлеуі мен қозғалуының бәсеңдеуі;
• Болашағы мен қызметіне көзқарасының өзгергені;
• Бірден ашуланып және тітіркену, қобалжудың басым көрінісі;
• Өз ортасынан оқшаулану, үмітсіздікпен, дәрменсіздік;
• «Өмірден шаршадым», «Өмір сүргім келмейді» деген сөз тіркестерінің жиі қайталануы.
Өзіне-өзі қол жұмсауға бейім адамдармен алдын- алу жұмысын жүргізу кезеңдері .
1. Бастапқы кезең. Басты мақсат — қызметкермен эмоционалдық қатынас орнату, оның мәселелерін түсініп, уайымы мен қиын сәттерін шын ниетпен бөлісетінімізді сендіру қажет. Мұнда тек көңіл бөліп, шыдамдылықпен тыңдай білген жөн.
2. Екінші кезең. Қызметкерді күйзеліске әкелген жағдайды анықтау және тығырықтан шығу жолын қарастыру.
3. Үшінші кезең. Кризисті жағдайды жеңу жөніндегі бірлескен іс-әрекет жасап және жоспар құру, мәселені шешу жолдарын қарастыру.
4. Қорытынды кезең. Барынша нақты жоспар құрып, суицидентке белсенді психологиялық қолдау жасау.

Суицидентке алғашқы психологилық көмек көрсету.
1. Уақытылы диагностика және суициденттің жағдайына байланысты ем қолдану.
2. Депрессия жағдайындағы адамға белсенді эмоциональды қолдау.
3. Жағымды белсенділігіне байланысты марапаттау, жағдайды жеңілдету үшін.
Алғашқы психологиялық көмек беру кезінде келесідей ережелерді сақтау қажет.
— Көмек беру кезінде өзіңізге сенімді болыңыз;
— Мұндай жағдайдан өткен маманнан тәжірибе алмасыңыз;
— Шыдамдылық танытыңыз;
— Ол адамды таң қалдырып немесе қорқыта көрмеңіз;
— Ол адамның іс-әрекетін көзінше анализ жасамаңыз;
— «Сіз өзіңізді өлтіре алмайсыз, өйткені…» деген сөздермен бәсекеге түспеңіз;
— Қолыңыздан келген көмекті аямаңыз, бірақ ол адамның тағдырын персональды жауапкершілікке алмаңыз.
Егер сұхбат барысында суицидент, суицид туралы ойларын белсенді түрде және ашық айтса оны жедел түрде дәрігер-психиатрға апару қажет.
Қорытынды: 1. Жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, облысымыздағы суицид фактілерінің көбейгені шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. 2. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар қатысуы керек.

Д.Алибаева,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы,
әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.