Спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті

318

Ата Заң күнін мерекелеуге арналған іс-шара аясында Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/5 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Мекеме бастығы әділет майоры Раушан Ахметов: «Құрметті әріптестер, баршаңызды шын жүрегімнен еліміздің Ата Заңы қабылданған күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік, жақсылық, бақыт тілеймін. Тәуелсіз елдің өткені мен бүгінін көрсететін елдің басты саяси құқықтық құжаты Конституцияның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың әсіресе ішкі істер органдарының қызметкерлерінің құрметті парызы және қасиетті міндеті екенін ұмытпаңыздар», — деген соң қатысушыларға сәттілік тілеп спорттық шараны ашық деп жариялады.

Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті — бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, жағымды имиджді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, барлық дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту болып табылады.

Шара соңында жеңімпаздарға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берілді. Аталған спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Венера Каракозева,
ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәжірибе жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.