Сотталғандар туыстарымен бейнебайланыс арқылы жүздесуде

269

ҚАЖ департаментінің 31.03.2020 жылғы № 30-24-5-1119 санды нұсқауына қосымша, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің 29.03.2020 жылғы № 30-5-2-125-574 санды нұсқауына сәйкес, «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы» ІІМ-нің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 251 бұйрығының 2-тармағын орындау үшін түзеу мекемелерінде сотталғандардың туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесуі қолға алынған.

Өңірде коронавирус індетіне қарсы күшейтілген шараларға байланысты қазір бейне көріністерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 106-бабында (кездесу) көзделген сотталғандардың құқықтарын іске асыру және 113-бабында (мекемеден тыс жерлерге шығу) көзделген құқықтарын іске асыру тоқтатылған.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде Заңның 17-бабында көзделген тәртіппен сотталушыларға туыстарымен және өзге де адамдармен бейнекездесу берілуде.

Бұл ретте,  бейнебайланыс мүмкіндігін пайдалануға көңіл бөліп, ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 18 наурыздағы №226 бұйрығымен ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеніне байланысты, ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларының жаңа редакциясының 76-шы тармағына сәйкес скайп программасы арқылы мекемелердің қысқа мерзімді кездесу бөлмелерінде сотталғандардың туыстарымен және өзге де адамдармен бейнекездесулері жүзеге асырылуда.

 Жазаны өтеудің жеңілдетілген және льготтық  жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер бейнебайланыс арқылы сотталғандардың немесе азаматтық тұлғалардың жазбаша түрде арызы бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 136, 138, 140, 143, 147  баптарының талаптарына сәйкес ұсынуы жағдайында сотталғандарға бір жыл бойына тиіслітілігіне қатаң көңіл бөліп жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, аталған өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларының жаңа редакциясының 76-шы тармағына сәйкес скайп программасы арқылы мекемелердің қысқа мерзімді кездесу бөлмелерінде сотталғандардың туыстарымен және өзге де адамдармен бейнекездесулері жүзеге асыру мүмкіншілігі туралы азаматтық тұлғалар мен сотталғандар арасында түсіндірме мен таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық тұлғалардың мекеме аумағындағы барлық болатын жерлерінде көрнекі тақтайшаларға осы толықтырулар ілініп, нақты мекеменің СКАЙП программасының логині көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.