Солтүстік Қазақстандағы ресейлік туристер ағыны екі есеге ұлғайды

421

Петропавлда екі күннен кейін «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» туристік көрмесі ашылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі атап өткендей, XV Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумы аясындағы көрмені өткізуге барлығы дайын. Ол жақында ашылған әмбебап теннис орталығында ашылады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің айтуынша, форум — ең алдымен, тәжірибе алмасу.

«Көрмеде Қазақстанның 10 туристік дестинациясы көрсетіледі. Сондай-ақ голографиялық шоуды тамашалауға болады.Ал 8-9 қарашада Қазақстан мен Ресей өңірлерінің туристік әлеуеті ұсынылады. Қазақстан және Ресей Кәсіпкерлер палатасы аясында өңіраралық кеңестің отырысы өтеді», — деді Д.Жандарбек.

Солтүстік Қазақстан облысынан Имантау-Шалқар курорттық аймағы таныстырылады. Курорт елді туристификациялау картасы әлеуеттік жобаларының ТОП-10-на енгізілген. Д.Жандарбектің айтуынша, биыл Ресейден келетін туристер саны екі есеге артқан.

7 қарашада қала тұрғындары мен қонақтары үшін көрме ашылып, қойылымдар мен концерттер өтеді. Музейлер мен кітапханалар жұмыс істейді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.