Шәкәрім Құдайбердіұлының діни дүниетанымы

513

Шәкәрім Құдайбердіұлықазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген.

Абайдың ізбасары, қазақтың кәсіби философы, ислам ілімі мен мәдениетінің терең білгірі діни философ.

Шәкәрімнің дүниетанымының негізгі ерекшелігі дін және руханилық мәселесін қарастыру мен өзіндік рухани-құндылықтық категориялардың жүйесін ұсыну болды. Ойшылдың рухани ізденістері бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қарасаң да құндылығы мол рухани мұра. Ол адамдар бойындағы имандылық, діни-рухани тазалық мәселелерін қарастыра отырып, бірқатар ұсыныстары мен тұжырымдарын ұсынған.

Рухани ұстазы Абай және замандастары сияқты Шәкәрім шығармаларында толығымен адам мен қоғамдық дамудың жолын іздестіріп, ол діннің ақ жолын қоғамдық дамудың рухани негізі ретінде ұсынып, әрбір адамның өмірлік құндылықтық бағдарын айқындауда имандылық пен білімге сүйену, адалдық, адамгершілік заңдарын басшылыққа алу керектігін тұжырымдаған шығармаларының берері мол, рухани туындылар.

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі үш ақиқат: сенім ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адам үшін маңызды сұрақтарды көтеріп, оған өзінше жауап қатып, адамның рухани дамуының жолдарын тереңінен көрсеткен.

Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегі ұждан мәселесін талдауға арналған. Адам үшін екі дүниенің бақыты жақсылық пен ізгілікті ұстану екендігі туралы: «Екі өмірге де керекті іс – ұждан, ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» – деп діннің мейірімділік пен әділеттілікті, сабырлылық пен қанағатшылдықты атап көрсетеді.

Ұждан – ислам ілімінің негізгі ұғымдарының бірі. Шәкәрім ислам ғұламасы ретінде имандылықты, көркем мінезділікті, діндарлықты өз еңбектерінде насихаттаған. Бұл сөзімізге дәлел оның «Мұсылмандық шарты» еңбегі. Бұл еңбегінде: «Иман деген Аллаһ Тағаланың барлығына, бірлігіне, Онан басқа Аллаһ жоқтығына, Құран сөзінің бәрінің шындығына анық ықыласпенен нанбақ» деп Аллаһқа иман келтіру яғни таухид ұғымынан бастайды. Ойшылдың бұл еңбекті жазудағы мақсаты халқына иман негіздерін, шарттарын жеткізуді ойлаған ұмтылысы деп білеміз. Ел-жұртының исламды дұрыс түсініп және дұрыс бағыт алуын мұрат тұтқан Шәкәрім бұл еңбекті ана тілімізде жаза отырып, ұлт дүниетанымына сай дін құндылықтарын түсіндіре білген.

Адам өмірі Жаратушының берген сыйы және аманаты болғандықтан пенде өзінің рухани жан дүниесін байытып, парыздарын орындап, ахлағын жетілдіруі тиіс. Жаратушы тарапынан жіберілген діндерде өткінші және мәңгілік дүниелер туралы айтылады. Бұл діндердегі негізгі түсініктердің бірі. Ислам дінінде бұл дүниеден екінші дүниенің бар екендігіне сену иман шарты болып саналады. Хадисте: «Бұлдүние – ақыреттіңегінжайы» деген.

Мұсылмандықтаөткінші, сынақдүниесіндегіпенденіңәрбіржасағанісітаразығасалынатындығыайтылады. Жақсыадамбұлізетті, қарапайым, ар-ұяттыбойынажинаған, иманжүзді, салихалы, сабырлы, ибалы адам. Жақсы адам бойында ұлттық және адамзаттық құндылықтар үйлесімді орнығады. Адам баласыжан мен тәннен тұрғандықтан жан мен тән құмарлықтарын қанағаттандыруға ұмтылады. Парасатты, иманжүзді адамнәпсісін тежеп, өзінің адами қасиетін ардақтап ұстайды. Имандылықты ұстанып, обал мен сауапты білу, адал мен арамды ажырату адамзат қоғамы үшін әрқашан да басты ұғым болып қала беру керек.

Өзі жасынан ислами құндылықтарды бойына сіңіріп, имандылықтың, сабырлықтың, адалдықтыңмәні мен маңызын діни тұрғыдан терең түсінген ойшыл, адамдарды имандылыққа, жақсылыққа, сабырлыққа, білім мен ғылымбілугешақырды.

Сен ғылымғаболсаңынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ.

Білгеніңнің жақсысын қыл,

Білмегеніңді біле бер.

Білгенердің бол шәкірті,

Білмегенді қыл шәкірт.

Үйренуге қылма намыс,

Үйретуге болма кер, – деп, білім мен білімсіздіктің арасының жер мен көктей айырмашылықты көрсетіп, білмегеніңді білуден жалықпа, одан арланба, ал білгеніңді ішке сақтамай оны адамзатқа жетілігіне жұмсап, басқаларға үйрет деп адам дүниеге келгеннен кейінгі өмірі бойына білім нәрін жинақтап, сонымен өзінің өмірлік бағдарын табатындығын жеткізуге тырысты. Өз ұлтының қоғамдық дамуын ғылым-білім жолынан іздеген Шәкәрім өзі де осы жолда қажымай еңбектенгендігі оның сан-саналы ізденістернің нәтижесі болған рухани мұраларынан байқауға болады.

Сонымен, Шәкәрім  Құдайбердіұлының рухани ізденістері нәтижесінде туындаған шығармалары жалпыадамзаттық мәселелерді тереңінен толғаған, берері мол құнды дүние. Ойшылдың мұраларында берілген идеяларының төркіні қазіргі рухани жаңару заманында таптырмас бұлақ. Тек сол рухани бұлақтың көзін ашып, сусындау өзін-өзі  жетілдіруді көздеген әрбір адамға таптырмас қазына десек артық айтқандық емес.

Берік Сейдахметов,

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.