Сарысуда мал басы тұрақты өсіп келеді

617

Сарысу ауданында мал басында және өнімінде тұрақты өсім сақталып отыр, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Ауданда 2018 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 20 300 басқа, қой-ешкі 281 450 басқа, жылқы 6 350 басқа, түйе 2 183 басқа жеткізіліп, 3 114,2 тонна ет, 2 753,9 тонна сүт, 1 893,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Мал шаруашылығы саласын дамытуда басты мақсат – мал тұқымын ет бағытында асылдандыру жұмыстарын қолға алу болып табылады.

Ағымдағы жылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бойынша 135,0 млн. теңге субсидия төлеу жоспарлануда. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7,4 млн. теңгеге немесе 5,8  пайызға артық (2017 жылы 127,6 млн).

Бүгінгі күнге аудан бойынша 862 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен қой малдарын сатып алған және 1 269 мүйізді ірі қара малына асылдандыру жұмысын жүргізіп жатқан барлығы 45 шаруа қожалықтарына 32,3 млн. тенгеге субсидиялау құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары бойынша осы 6 ай ішінде 6848 бас мүйізді ірі қара малы, 76,1 мың бас уақ малдар сырғаланып, 415 бас жылқы чиптелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.