«ПСЖ» Неймарды сатуға келісті

27

«Пари Сен-Жермен» басшылығы шабуылшы Неймарды келесі жазда басқа командаға жіберуге келісті, — деп хабарлайды AS басылымы Beteve арнасына сілтеме жасап.

Телеарна ақпараты бойынша, форвард пен париждіктер арасында келісім бар, ол бойынша «ПСЖ» Неймарды испаниялық клубқа 200 миллион үшін жібереді. Сонымен бірге футболшыға каталондық «Барселонамен» қатар мадридтік «Реал» көз тігіп отыр.

Неймар «ПСЖ-ға» 2017 жылы жазда рекордты 222 миллион еуроға ауысқан. Осылайша, париждік команда футболшы трансферінен 22 миллион ұтылады.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.