Президент тараздық аруларды құттықтады

295

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл өңіріндегі спортшы аруларға құттықтау қағазын жолдады.

Спортшы, жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның Паралимпиада құрамасының капитаны Габидуллина Зульфия, подполковник Дильфайруз Кенжеханова, әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, спорт шебері Фируза Шариповаға Мемлекет басшысының жылы лебізге толы құттықтауын Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев табыстады.

«Сұлулық пен нәзіктіктің осы көктем мерекесінде шын жүректен айтылған алғысымды қабыл алыңыз. Әрбір күн сізге және сіздің жақындарыңызға махаббат пен сүйіспеншілік сыйласын. Зор денсаулық, рухани үйлесімділік пен бақыт тілеймін», — деп жазылған президенттің құттықтау хатында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.