Оқу-жаттығу жиыны өтті

334

Таразда түзеу мекемесінен қашқан қылмыскерлерді құрықтау мақсатында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті. Ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде өткен жиынға өңірлік ҚАЖ, Полиция департаменттерінің және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты. Осылайша, олар бірлесе жұмыс істеу жолын тағы бір пысықтап алды.

Өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу жиындарының маңызы зор әрі қызметкерлердің қиын жағдайларда сауатты әрекет етуіне зор ықпалын тигізеді.

– Бүгін шынайы оқиғаға жақын жағдайда, түзеу мекемесінен қашқан қылмыскерлерді құрықтау мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оған 50-ге жуық техника жұмылдырылып, онда 500-ден астам қызметкер өз біліктілігін шыңдады. Шара барысында құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесу тәртібі пысықталды. Мұндай жиындар біріншіден, еліміздің құқық қорғау органдарының дайындығын көрсетсе, екіншіден жас қызметкерлердің шыңдалуына мол мүмкіндік береді, — деді Т.Жәнібеков.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.