Облыста 362 елді мекеннің бас жоспары бекітілді

528

2010-2018 жылдар аралығында облыстағы 377 елді мекеннің 362-сінің бас жоспары бекітілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің сәулет және қала кұрылысы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәулет Досанов баяндады.

Басқарма басшысының міндетін атқарушының баяндауынша, халық саны 50 тұрғынға жетпеуіне байланысты 15 елді мекеннің бас жоспарын түзу міндеті жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне берілді.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтінішіне сай жыл басынан бері облыс аумағында 810 жер телімі берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.