Мәжіліс депутаттары Таразда қоғам белсенділерімен кездесті

Жамбыл облысына іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Сейдуманов, Фахриддин Қаратаев және Сапар Ахметов аймақтың қоғам белсенділері, журналистер және ҮЕҰ жетекшілерімен жүздесті.

596
Басқосу барысында депутаттар елді мекендерді аралап, тұрғындар мен бірқатар мекемелерді жұмысымен танысып, мәселелерін тыңдап жатқаны жайлы айтты. Өз кезегіде жиынға келген азаматтар түрлі сауалдар қойып, ұсыныстар жолдады. Мәселен, жұмыс барысында қылмыскерді құрықтау кезінде жарақат алып, екі аяғынан айырылған полиция қызметкеріне көрсетілетін көмек, жұмысқа орналасу кезінде несие тарихының назарға алынуы, журналистерге статус берілуі сынды көптеген тақырыптар көтерілді. Еркін форматта өткен кездесуде Мәжіліс депутаттары айтылған ұсыныстардың бірқатарын республика көлемінде көтеруге болатынын айтып, назарға алатындарын жеткізді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.