Маңызды мәселе төңірегінде пікір алмасты

394

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Терроризм деген не? Өзіңді қалай қорғауға болады?» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы барысында Қаратау технология, білім және бизнес колледжінде диалогтік алаң өткізілді.

Іс-шара мақсаты: жастардың дұрыс жолда болуын, діни сауатын арттыру. Іс-шараға студенттер, мұғалімдер қатысты. Жиынға арнайы қонақ ретінде шақырылған «SANA» оқыту орталығының коучер-тренері Данияр Өмірбеков сөз бастап, терроризмнің қоғамға, елімізге әкелетін зиянын,оның түпкі нәтижесі қандай болатынын түсіндірді. Келесі қонақ – білікті исламтану маманы Бахтияр Амиреев терроризмнен қалай қорғанамыз, қандай іс қолданамыз, кімге жүгінеміз тақырыбын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына толығымен жауап берді. Тақырыпқа сәйкес іс-шара барысында таратпа материалдарды мемлекеттік және орыс тілінде қатысушыларға таратылып берілді.

Диана Әбдіғаппар,

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.