«Қылмыссыз кемел келешекке» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өтті

142

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан атамыз айтқандай қазіргі сол сенген жастарымыздың барлығы сол мағыналы өлең жолдарына сай болып жүр ме? Қазіргі қоғамда көзге үйренген жас буын арасындағы жұмсақ тілмен айтқанда құқық бұзушылық белең алып, болашағымыз деп үміт күткен жастар өзгеріп барады.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Соңғы үш жылда қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғалар санының төмендеуінің оң үрдісі байқалады. Алайда жастар теріс қылықтарға қарағанда көп қылмыс жасайды.

Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Осы мақсатта Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Кездесуге Тараз қаласы ПБ инспекторы полиция майоры Д.Маханов, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Усенов қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында есепте тұрған студенттермен заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, студенттермен колледж инспекторы мен психологтары көбірек әңгімелесу жұмыстарын жүргізуді, сонымен-қатар студенттердің бос уақыттарының тиімді пайдалануын ұйымдастыру, оларды спорттық, шығармашылық үйірмелерге тарту және ұлттық тәрбиені насихаттау жұмыстарын жүргізу, колледж әкімшілігімен бірге бірлескен жұмысты күшейту, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жағдай жасау, студенттердің шығармашылық белсенділігін, туындаған мәселелерді өздіктерінен шешу және үздіксіз өзін жетілдіріп отыру қабілеттерін дамытуды, кәмелетке толмағандарға қылмыстық әрекеттердің жауапкершілігі туралы арнай видеороликтер көрсетіліп, есепте тұрған студенттерді бақылауда ұстап, олармен түзету жұмыстарын жүргізуді және тәртіптері түзелген студенттерді қолдау хат арқылы есептен шығару жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.