Қордайлық дәрігерлерге қорғаныс киімдері тарту етілді

302

Бүгін орталық ауруханаға Нұр-Сұлтан қаласынан «Эльмира Ешниязова» қайырымдылық қорының демеушілігімен гуманитарлық көмек келді. Қайырымды істерімен елге белгілі Эльмира Ешниязова аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне 5 дана пастель жиынтығы, 10 қорғаныс киімдері, 25 дана медициналық халат, 500 дана медициналық бетперде, 500 дана қолғап, 10 дана бетті қорғайтын қалқан, 5 дана алжапқыш және 5 литр антисептик беріп, дәрігерлердің алғысын алды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов гуманитарлық жиынтық салынған қорапты арнайы табыстап, «Құрметті медицина қызметкерлері, ақ халатты абзал жандарым! Сіздерге ерен еңбектеріңіз бен шипалы алақандарыңыз үшін зор алғыс білдіремін»-деген ізгі тілегін білдірген Эльмира Ешниязованың алғыс хатын медицина қызметкерлеріне оқып берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.