Қордайда 450 адам «екі қолға бір күрек» тапты

202

Еліміздегі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін түрлі бағдармалар мен жан-жақты шаралар қабылдануда. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемияның елге әкелген қиындығына қарамастан азаматтарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту үшін 4 ай мерзімге ақылы қоғамдық жұмыс орындары ашылуда. Бүгінгі күнге ауданның барлық округтерінде 450 адам өз жұмысын бастады, осылайша белгіленген мерзім ішінде 1350 адам жұмыспен қамтылады. Жұмысқа тартылған азаматтар өңіріміздің санитарлық тазалығы мен көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарына қатысатын болады.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға жалпы Қордай ауданына 30 азаматқа жалпы соммасы 15906,0 мың теңге қаражат бөлініп,
бүгінгі күнге мемлекеттік грантты 30 азамат алды. Қосымша Республикалық бюджеттен 360 адамға мемлекеттік грант беруге 190842,0 мың теңге қаражат қарастырылып, мамыр-шілде айларында беріледі деп жоспарлануда.

Ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жастар практикасына 74 азамат жастар тәжірибесіне жолданып, 5-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.