Колония қоршауынан есірткі лақтырмақ болған ер адам құрықталды

187

Таразда колония қоршауынан кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан жапсырмамен оралған 3 ораманы лақтыруға ниеттенген 1993 жылғы азаматты құрықтады.
«Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан салмағы 290,23 грамм болатын есірткі затын лақтырмақ болған азамат ұсталды. Тараз қаласының тұрғыны бұл затты ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтыр болғанын мойындады», — делінген хабарламада.

Сабыр БОЛАТ,
журналист

Leave A Reply

Your email address will not be published.